05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №38

218 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
2016 жылғы 9 ақпан, Астана қаласы Діни қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Ережесінің 16-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктері, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлері (ғимараттары) туралы мәліметтер; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес миссионерлер туралы мәліметтер; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтер; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. «Діни саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Төрағасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 17 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10226 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 5 наурызда № 43 (28521) жарияланған). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. __________ Б. Иманәлиев 2016 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 1-қосымша нысан Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер __________________________________ бойынша 20___жылғы ___ тоқсан Индекс: 1-дбфөғүмсм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер № р/р Діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы Діни бірлес-тіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің саны Миссионерлердің саны Діни бірлестіктердің, олардың филиал-дары мен өкіл-діктерінің, ғибадат үйлерінің (ғимарат-тарының) саны Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың саны барлығы діни бірлестіктер филиалдар мен өкілдіктер барлығы шетелдіктер Қазақстан Республикасы азаматтары азаматтығы жоқ тұлғалар барлығы меншігінде жалға алынған 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1. Ислам 2. Православ 3. Католик 4. Евангелия-Лютерандық шіркеу 5. Евангелиялық христиан-баптистер Шіркеуінің Одағы 6. Меннониттер 7. Методистік шіркеу 8. Елуіншілер шіркеуі 9. Пресвитериандық шіркеу 10. Жетінші күн адвентистері 11. Жаңа апостолдық шіркеу 12. Ехоба Куәгерлері 13. Буддистік 14. Иудейлік 15. Кришна Санасы Қоғамы 16. Бахай Қауымы 17. Соңғы күн әулие Иисус Христос шіркеуі (мормондар) 18. Бірігу шіркеуі (мунниттер) ____________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны ___________________________________________________________________________________ _______________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (бұдан әрі – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдіктерінің, ғибадат үйлері (ғимараттары) мен миссионерлердің саны туралы мәліметтер рет-ретімен нөмірлеуі көрсетіледі; 2) 2-бағанда діни ұстанымы көрсетілген діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы көрсетіледі; 3) 3-бағанда діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жалпы саны көрсетіледі; 4) 4-бағанда діни бірлестіктердің саны көрсетіледі; 5) 5-бағанда филиалдар мен өкілдіктердің саны көрсетіледі; 6) 6-бағанда миссионерлердің жалпы саны көрсетіледі; 7) 7-бағанда шетелдік миссионерлердің саны көрсетіледі; 8) 8-бағанда Қазақстан Республикасы азаматтары - миссионерлердің саны көрсетіледі; 9) 9-бағанда азаматтығы жоқ миссионерлердің саны көрсетіледі; 10) 10-бағанда діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің, ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) жалпы саны көрсетіледі; 11) 11-бағанда діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің меншігінде ғибадат үйлерінің (ғимаратарының) саны көрсетіледі; 12) 12-бағанда діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жалға алынған ғибадат үйлерінің (ғимаратарының) саны көрсетіледі; 13) 13-бағанда ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың жалпы саны көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 2-қосымша нысан Діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлері (ғимараттар) туралы мәліметтер ________________________ бойынша 20____ жылғы _______тоқсан Индекс: 2-дбфөпғүм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлері (ғимараттар) туралы мәліметтер № р/р Діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы Ғибадат үй (ғимарат) туралы мәліметтер Мекен-жайы Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыс, қала коды Тіркелген күні және кадастрлық нөмірі Жер учаскесінің мәліметтері Үйдің (ғима-раттың) сыйымдылығы 1 2 3 4 5 6 7 1. Ислам 2. Православие 3. Католицизм 4. Евангелия-Лютерандық шіркеу 5. Евангелиялық христиан-баптистер Шіркеуінің Одағы 6. Меннониттер 7. Методистік шіркеу 8. Елуіншілер шіркеуі 9. Пресвитериандық шіркеу 10. Жетінші күн адвентистері 11. Жаңа апостолдық шіркеу 12. Иегова Куәгерлері 13. Буддизм 14. Иудаизм 15. Кришна қоғамы 16. Бахаи Қауымы 17. Соңғы күн әулие Иисус Христос шіркеуі (мормондар) 18. Бірігу шіркеуі (мунниттер) __________________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны __________________________________________________________________________________________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлері (ғимараттар) туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлері (ғимараттар) туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (бұдан әрі – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктері пайдаланатын ғибадат үйлер (ғимараттар) рет-ретімен нөмірлеуі көрсетіледі; 2) 2-бағанда діни ұстанымы көрсетілген діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің атауы көрсетіледі; 3) 3-бағанда ғибадат үйдің (ғимараттың) мекен-жайы көрсетіледі; 4) 4-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған әкiмшiлiк-аумақтық объектілер жiктеуiшi (ӘАОЖ) бойынша облыс, қала коды көрсетіледі; 5) 5-бағанда ғибадат үйдің (ғимараттың) тіркелген күні және кадастрлық нөмірі көрсетіледі; 6) 6-бағанда жер учаскесінің мәліметтері көрсетіледі: ғибадат үйдің (ғимараттың) меншік иесі туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, аумағы, көлемі, нысаналы мақсаты, жеке меншік немесе пайдалану құқығы (жалға алу, қосалқы жалға алу, өтеусіз пайдалану) көрсетіледі; 7) 7-бағанда ғибадат үйдің (ғимараттың) адам саны бойынша сыйымдылығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 3-қосымша нысан Миссионерлер туралы мәліметтер _________________________________________ бойынша 20____жылғы _______тоқсан Индекс: 3-мм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Миссионерлер туралы мәліметтер № р/р Миссионерді шақырған діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы Миссионер туралы мәліметтер Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің берілуі туралы мәліметтер тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, ұлты азаматтығы және келген мемлекеті әлемдегі елдердің сыныптамасы бойынша елдің коды тіркеу туралы мәліметтер қайта тіркеу туралы мәліметтер аумақтағы болатын орыны, ӘАБЖ бойынша облыс, қала коды Саны Шағымдар саны түскен өтініштер берілген куәліктер куәлік беруден бас тарту куәлік берудегі кешігу және бас тарту және оның себептері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1. Ислам 2. Православие 3. Католицизм 4. Евангелия-Лютерандық шіркеу 5. Евангелиялық христиан-баптистер Шіркеуінің Одағы 6. Меннониттер 7. Методистік шіркеу 8. Елуіншілер шіркеуі 9. Пресвитериандық шіркеу 10. Жетінші күн адвентистері 11. Жаңа апостолдық шіркеу 12. Иегова куәгерлері 13. Буддизм 14. Иудаизм 15. Кришна Қоғамы 16. Бахай Қауымы 17. Соңғы күн әулие Иисус Христос шіркеуі (мормондар) 18. Бірігу шіркеуі (мунниттер) _____________________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны ____________________________________________________________________________________________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Миссионерлер туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Миссионерлер туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (бұдан әрі – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы, немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда миссинерлер туралы мәліметтің рет-ретімен нөмірлеуі көрсетіледі; 2) 2-бағанда ұстанатын дінін көрсете отырып миссионерді шақырған діни бірлестіктің, оның филиалы және өкілдігінің атауы көрсетіледі; 3) 3-бағанда миссионердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), (зайырлы, рухани) туған күні, ұлты көрсетіледі; 4) 4-бағанда миссионердің азаматтығы және келген мемлекеті көрсетіледі; 5) 5-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған әлемдегі елдердің сыныптамасы бойынша елдің коды көрсетіледі; 6) 6-бағанда миссионерді тіркеу туралы мәліметтер (миссионерді тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні, миссионерді тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуы) көрсетіледі; 7) 7-бағанда миссионерді қайта тіркеу туралы мәліметтер (миссионерді қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні, миссионерді қайта тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуы) көрсетіледі; 8) 8-бағанда миссионердің аумақтағы болатын орыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған әкiмшiлiк-аумақтық объектілердің жiктеуiшi (ӘАОЖ) бойынша облыс, қала коды көрсетіледі; 9) 9-бағанда миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) түскен өтініштер саны көрсетіледі; 10) 10-бағанда миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің берілген саны көрсетіледі; 11) 11-бағанда «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту саны көрсетіледі; 12) 12-бағанда «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудегі кешігу және оның миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) бас тарту және оның себептері көрсетіледі; 13) 13-бағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазған шағымдар саны көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 4-қосымша нысан Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер __________________________________бойынша 20____жылғы ____тоқсан Индекс: 4-дәдмамдмзтатүм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер № р/р Арнайы тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекіту туралы әкімдік қаулысының номері және берілген күні Мекен-жайы және орна-ласқан жері Әкімшілік-аумақтық объек-тілер жіктеуіші бойынша облыс, қала коды Меншік иесі туралы мәлімет Арнайы тұрақты үй-жайдың атауы Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттардың атауы Діни сараптамадан өткен әдебиеттер, материалдар, заттардың саны туралы мәліметтер сарапта-маның оң қорытын-дысы алғандары сарапта-маның теріс қорытын-дысын алғандары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 _______________________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны ____________________________________________________________________________________________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (бұдан әрі – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты- жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар туралы мәліметтер рет-ретімен нөмірлеуі; 2) 2-бағанда діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекіту туралы әкімдік қаулысының нөмірі және берілген күні көрсетіледі; 3) 3-бағанда діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жай орналасқан мекен- жайы көрсетіледі; 4) 4-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған әкiмшiлiк-аумақтық объектілердің жiктеуiшi (ӘАОЖ) бойынша облыс, қала коды көрсетіледі; 5) 5-бағанда діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)көрсетіледі; 6) 6-бағанда діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың атауы көрсетіледі; 7) 7-бағанда үй-жайда сатылатын діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттардың атауы көрсетіледі; 8) 8-бағанда діни сараптаманың оң қорытындысын алған әдебиеттер, материалдар және діни мақсаттағы заттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі; 9) 9-бағанда діни сараптаманың теріс қорытындысын алған әдебиеттер, материалдар және діни мақсаттағы заттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 5-қосымша нысан Рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтер __________________________________бойынша 20____жылғы ____тоқсан Индекс: 5- рдбұм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтер № р/р Құрылтайшы туралы мәліметтер Білім беру ұйымының атауы, лицензиясының нөмірі және берілген күні Заңды мекен-жайы Әділет органдарында тіркелген күні Басшысы туралы мәлімет Білім алушылардың саны 1 2 3 4 5 6 7 1. Ислам 2. Православие 3. Католицизм 4. Евангелия-Лютерандық шіркеу 5. Евангелиялық христиан-баптистер Шіркеуінің Одағы 6. Меннониттер 7. Методистік шіркеу 8. Елуіншілер шіркеуі 9. Пресвитериандық шіркеу 10. Жетінші күн адвентистері 11. Жаңа апостолдық шіркеу 12. Иегова Куәгерлері 13. Буддизм 14. Иудаизм 15. Кришна Қоғамы 16. Бахай Қауымы 17. Соңғы күн әулие Иисус Христос шіркеуі (мормондар) 18. Бірігу шіркеуі (мунниттер) ____________________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны ____________________________________________________________________________________________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтер» (бұдан әрі - Нысан) нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (бұдан әрі – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты- жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда рухани (діни) білім беру ұйымдары туралы мәліметтердің рет-ретімен нөмірлеуі көрсетіледі; 2) 2-бағанда ұстанатын діни ұстанымын көрсете отырып құрылтайшы туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі; 3) 3-бағанда рухани (діни) білім беру ұйымының атауы көрсетіледі, осы білім беру ұйымы іске асыратын оқу бағдарламасын көрсете отырып толық атауы көрсетіледі. Білім беру ұйымының лицензия беру нөмірі және күні көрсетіледі; 4) 4-бағанда рухани (діни) білім беру ұйымының заңды мекен-жайы көрсетіледі; 5) 5-бағанда рухани (діни) білім беру ұйымының әділет органдарында тіркелген күні көрсетіледі; 6) 6-бағанда рухани (діни) білім беру ұйымының басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер көрсетіледі; 7) 7-бағанда рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылардың саны көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 6-қосымша нысан Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер _______________________________бойынша 20___жылғы ________тоқсан Индекс: 6-ғүтжджөаүм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер № р/р Діни бірлес-тіктің, оның филиалы мен өкіл-дігінің атауы Діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінен ашылудың бастамашысы, қамқоршысы Меншік иесі туралы мәлі-меттер Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасуын келісу күні Мекен-жайы Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші бойынша облыс, қала коды Үй-жайдың (ғимараттың) сыйымдылығы 1 2 3 4 5 6 7 8 ____________________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны _____________________________________________________________________________________________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (әрі қарай – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты- жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар туралы мәліметтер рет-ретімен нөмірлеуі көрсетіледі; 2) 2-бағанда діни ұстанымы көрсетілген діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы көрсетіледі; 3) 3-бағанда діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінен ашылудың бастамашысы, қамқоршысы көрсетіледі; 4) 4-бағанда меншік иесі туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі; 5) 5-бағанда ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасуын келісу күні көрсетіледі; 6) 6-бағанда ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың мекен-жайы көрсетіледі; 7) 7-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған әкiмшiлiк-аумақтық объектілердің жiктеуiшi (ӘАОЖ) бойынша облыс, қала коды көрсетіледі; 8) 8-бағанда ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың адамдар саны бойынша сыйымдылығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы №38 бұйрығына 7-қосымша нысан Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер __________________________________бойынша 20 ___жылғы ________ тоқсан Индекс: 7-дқсәқбм Жиілігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес Ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармалары Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер № р/р Діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы Құқық бұзушылықты анықтаған мемлекеттік орган Әкімшілік бұзушылық құрамы Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға туралы мәліметтер Қабылданатын шаралар туралы мәліметтер Сот процесінің 1-сатысында қарау Шағым 1 2 3 4 5 6 7 8 _____________________________________________________________________________________________ Орындаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, байланыс телефоны _____________________________________________________________________________________________ облыс (қала) әкімдігінің дін істері басқармасының басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсініктеме «Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер» 1. Осы түсініктеме «Діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды. 2. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының дін істері басқармаларымен толтырылады (бұдан әрі – басқарма) және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетіне ұсынылады. 3. Есеп нысаны орындаушы және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қолы қойылады. 4. Есеп тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың 5-не ұсынылады. 5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады. 6. Нысан келесі мәліметтермен толтырылады: 1) 1-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық мәліметтері нөмірленуі көрсетіледі; 2) 2-бағанда діни ұстанымы көрсетілген діни бірлестіктің, оның филиалы мен өкілдігінің атауы (әкімшілік құқық бұзушылықты діни бірлестікте қызмет етпейтін, не болмаса діни бірлестіктің мүддесін білдірмейтін жеке тұлғамен жасалған кезде, онда тек оның ұстанатын діні көрсетіледі) көрсетіледі; 3) 3-бағанда әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған мемлекеттік орган көрсетіледі; 4) 4-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық құрамы көрсетіледі (құқық бұзушылықтың құрамы, болған жері, уақытының қысқаша сипаттамасы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің бабы және бөлігі); 5) 5-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған жылы; тұратын жері; жұмыс орны көрсетіледі; 6) 6-бағанда келесі: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылған күн; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың сотқа жіберілген күні көрсетіледі; 7) 7-бағанда көрсетіледі: сот отырысының күні көрсетілген сот процесінің қаралатын сатысы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің соттың 1-сатысында (инстанциясында) қарауындағы соңғы нәтижелері, сот шешімінің атауы және күні көрсетілген (әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда нақты әкімшілік жазаның түрі көрсетіледі); 8) 8-бағанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шағымды қарайтын сот сатысының (инстанциясының) атауы (апелляциялық, кассациялық және қадағалау) көрсетіледі, сот отырысының күні көрсетілген сот процесінің сатысы; сот шешімінің атауы және күні көрсетілген әр сот сатыларының (инстанцияларының) сот шешімдерінің нәтижелері (шешімді өзгертусіз немесе қанағаттандырмай қалдыру, немесе соттың бірінші сатысының (инстанциясының) шешімін өзгерту, немесе соттың бірінші сатысының (инстанциясының) шешімін жою және жаңа шешім шығару және тағы басқа). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13449 болып енгізілді.